«Окжетпес» молдавиялық футболшыны қатарына қосты

«Окжетпес» молдавиялық футболшыны қатарына қосты

Молдавиялық жартылай қорғаушы Всеволод Никхаев «Оқжетпес» сапына қосылды.

20 жастағы жартылай қорғаушы <span>«Шерифтің»</span> түлегі, ол соңғы маусымды «Динамо Авто» клубында өткізді. Всеволод алаңға чемпионаттың 19 матчында шығып, сонымен қатар Молдова кубогының 1/8 финалында бір гол соқты.

Молдовалық ойыншының Ресей азаматтығы да бар, сондықтан ережеге сәйкес ол Қазақстан чемпионатында легионер болып саналмайды.

<span>«Оқжетпес» 2020 маусымды екі жеңіліспен бастады.</span> 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или