Шетелде доп тепкен қазақстандық ойыншы «Ақтөбеге» ауысты
«Ақтөбе» футбол клубы жартылай қорғаушы Демият Сламбековпен еңбек келісімшартына қол қойды, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы ақтөбелік клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Демият - алматылық «Цесна» жасөспірімдер футбол мектебінің түлегі. Сонымен қатар Рибейран-Претодағы «Оле Бразил» академиясында тәжірибеден өткен (2012-2014 жж.).
«Оқжетпес», «Бәйтерек», «Жетісу» клубтарында доп тепті. Сондай-ақ, Литва чемпионатында бақ сынайтын «Стумбрас» (8 ойын, 3 гол), «Хегельманн Литауэн» (15 ойын, 3 гол) командаларында өнер көрсетті.
Сламбеков Демият
Туған жылы: 01/13/1997
Азаматтығы: Қазақстан
Бойы: 187
Салмағы: 72
Алаңдағы орны: Жартылай қорғаушы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или