Дмитрий Шомко: Қарсыласты соңына дейін қыспаққа алуға уақыт жеткен жоқ
«Астана» футбол клубы Қазақстан чемпионатының уақыты өзгертілген18-i туры аясында шымкенттік«Ордабасымен» ұпай бөлісті. Алматыдағы ойын, әрі тығыз ойын кестесі туралы Дмитрий Шомко өз ойымен бөлісті.
- Бірінші таймда дұрыс бастаған жоқпыз. Қарсыласқа бос кеңістік беріп қойғандықтан, қақпамызға қауіпті шабуылдар келе бастады. Екінші таймда барынша жинақы ойнап, қарсыласты соңына дейін қыспаққа алуға тырыстық. Алайда, бізге уақыт жеткен жоқ.
- Бүгін қысқа уақыт ішіндегі үшінші ойындарыңызды өткіздіңіздер. Команда қалыпқа келіп үлгеріп жатыр ма?
- Ештеңе етпейді, біз дәл мұндай ойын кестесіне үйреніп қалғанбыз. Әр ойын сайын өз ойынымызды жақсартуға тырысамыз. Бұл тек маусымның басы ғана.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или