Кахабер Цхададзе: Сырт алаңдағы «Астанаға» қарсы тең ойын - жақсы нәтиже
«Астана» - «Ордабасы» арасындағы ойын аяқталғаннан кейін шымкенттік команда бас бапкері Кахабера Цхададзенің қатысуымен баспасөз жиыны өтті.
- Біз өте жақсы ойын көрсеттік. Алайда, қарсыласқа қарымта шабуылға мүмкіндік беріп, нәтижесінде екі ұпай жоғалтып алдық. Біз гол соғатын мүмкіндіктерді лайықты пайдалана алмадық. Ойын соңында «Астана» да соңына дейін жүгіріп, гол соғатын сәттер тудыра бастады. Жалпы алғанда, біз бүгін ойын барысын бақылап, гол соғатын мүмкіндіктер жасадық. Менің ойымша, сырт алаңдағы «Астанаға» қарсы тең ойын - жақсы нәтиже. Дегенмен, бүгін «Ордабасы» өзінің нағыз күшін көрсетті. Бізге мүлде босаңсуға болмайды. Қателіктермен жұмыс жасап, ілгері жылжуға тиіспіз.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или