Михал Билек: Әлі де жұмыс жасап, өз ойынымызды жақсартуға тиіспіз
«Астана» - «Ордабасы» арасындағы ойын аяқталғаннан кейін елорда командасының бас бапкері Михал Билектің қатысуымен баспасөз жиыны өтті.
- Біз бүгін жеңіске жеткізіміз келгенімен, барлығы біз ойлағандай болған жоқ. Алғашқы таймда қарсылас команда жақсы ойын өрнегін көрсетсе, біз керісінше екінші таймда жақсы ойнап, қапталмен шабуылдап, айып алаңына пас асырып, гол соғатын мүмкіндіктер жасадық. Алайда, ойын нәтижесі 1:1. Біз әлі де жұмыс жасап, өз ойынымызды жақсартуға тиіспіз. Ал бірінші таймдағы сәтке келер болсақ, менің ойымша төреші пенальти белгілеу қажет еді. Бірақ, ол олай жасаған жоқ, - деді Михал Билек.
Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының кейінге шегерілген туры аясында өткен «Астана» - «Ордабасы» матчында жеңімпаз анықталған жоқ. 38-ші минутта «Ордабасы» ойыншысы Сергей Хижниченко соққан голға матчтың соңында «Астананың» шабуылшысы Алексей Щеткин дәл соққысымен жауап қатты. Осылайша матч 1:1 есебімен аяқталып, командалар бір ұпайдан қанжығалады.