«Севильяның» бұрынғы бапкері Қазақстан құрамасының қарсыласын жаттықтырады
30 наурызда Қазақстан құрамасымен жолдастық матч өткізетін Армения құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды, деп жазады Prosports.kz.
Армения футбол федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бас бапкер қызметіне 64 жастағы испаниялық маман Хоакин Капаррос тағайындалды. Маманмен 2021 жылдың 30 қарашасына дейін жарамды келісімшарт жасалған.
Капарростың соңғы қызмет атқарған командасы - испаниялық «Севилья».
Айта кетейік, Қазақстан - Армения жолдастық матчы 30 наурызда Алматының Орталық стадионында өтеді. Ойын 20:00-де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или