Гол соққан Исламхан матчтың үздігі болды
Қазақстандық жартылай қорғаушы Бауыржан Исламхан «Әл-Айн» командасы сапындағы алғашқы голын соқты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Исламхан БАӘ Президент кубогының жартылай финалдық матчында «Әл-Шаржа» қақпасын дәл көздеді. Отандасымыз ойынның 32-минутында гол соғып, командасын есепте алға шығарды. Осылайша матчтың соңында әдемі гол соққан Бауыржан Исламхан кездесудің үздік ойыншысы атанды.
Айта кетейік, матчта «Әл-Айн» командасы жеңіске жетіп, финалға өтті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или