Жаңа туылған 80 нәрестеге Неймар есімі берілген

Биыл Мексикада дүниеге келген 80 сәбиге каталондық «Барселона» мен Бразилия құрамасы шабуылшысының құрметіне Неймар есімі беріліпті.

Соңғы кездері мексикалықтар арасында өз балаларына танымал футболшылардың есімін беру сәнге айналған көрінеді. Неймардан бөлек мұнда мадридтік «Реал» мен Португалия құрамасының сұрмергені Криштиану Роналдудың есімі де үлкен сұранысқа ие. Биыл оның есімі 17 сәбиге беріліпті.

Сонымен қатар жаңадан туған 3 сәби Францияның ПСЖ мен Швеция құрамасының футболшысы Златан Ибрагимовичтің есімін алған екен. Бразилия құрамасының капитаны Неймар небәрі 22 жасында үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Естеріңізге сала кетсек, жақында ол Чемпиондар лигасы мен Либертадорес кубогында 3 гол соққан әлемдегі жалғыз футболшы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді.

baq.kz сайтының ақпараты бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или