«Атырау» ресейлік командамен жолдастық матч өткізеді

«Атырау» ресейлік командамен жолдастық матч өткізеді

9 наурызда Түркияда «Атырау» футболшылары Новотроицкінің «Носта» командасымен ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осы маусымда «Носта» 17 турдан кейін 22 ұпаймен өзінің аймақтық турнирінде 6-орында тұр.

Өз кезегінде атыраулықтар Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарын 11 наурыз күні аяқтап, ҚР Кубогының алдын-ала кезеңіне қатысу үшін Шымкент қаласына ұшады.

«Атырау» - «Носта» матчы Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де (Атырау уақытымен 19:00-де) басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или