ҚПЛ: 1-турдың сенбідегі ойындарына бейнешолу
Кеше футболдан Қазақстан Премьер лигасының 2020 жылғы жаңа маусымы басталды. Турнир басталған алғашқы күні 4 матч өтіп, 12 гол соғылды, деп жазады Prosports.kz сайты.
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының youtube желісіндегі ресми каналында осы кездесулерге видеошолу жасалды.
«Астана» - «Қызыл-Жар СК» 4:0 (0:0)
Гол соққандар: Сотириу Пиерос 51 (1:0), Сотириу Пиерос 82 (2:0), Сигурьонссон Рунар 88 (3:0), Томасов Марин 90 (4:0)
«Қайрат» - «Тараз» 2:1 (1:1)
Гол соққандар: Вржещиньский Конрад 24 (1:0), Цатл Нилс 29 (1:1), Аймбетов Абат 83 (2:1)
«Ордабасы» - «Оқжетпес» 1:0 (0:0)
Гол соққандар: Бриджидо Рубен 57 (1:0)
«Тобыл» - «Шахтер» 3:1 (1:0)
Гол соққандар: Муртазаев Роман 17 (1:0), Буйволов Андрей 56 (1:1), Нұрғалиев Азат 87 (2:1), Зарандия Лука 88 (3:1)