Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ойыншысы Испания чемпионатында дубль жасады
Қазақстан U-17 құрамасының шабуылшысы Данил Анкудинов Сарагоса қаласының клубы «Касабланка» сапында Испания жасөспірімдер чемпионатының жоғарғы дивизионында екі гол соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші таймнан кейін Данил Анкудиновтың командасы өз алаңында Аррабал клубына 0:1 есебімен ұтылып жатқан. Қазақстан жасөспірімдер құрамасының футболшысы ойынның 87 және 89-минуттарында гол соғып, командасына жеңіс сыйлады.
Еске сала кетейік, Қарағанды қаласының тумасы бұған дейін Барселонаның «Мерсет» клубында ойнаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или