«Манчестер Сити» 17 жастағы футболшыны 9 миллионға сатып алды

«Манчестер Сити» 17 жастағы футболшыны 9 миллионға сатып алды

Ағылшындық «Манчестер Сити» футбол клубы бразилиялық 17 жастағы футболшыны қатарына қосты. <br /><br />«Куритиба» футбол клубының қорғаушысы Ян Коуто ресми түрде «Манчестер Сити» ойыншысы атанды. Ағылшындық команда бұл трансферде «Барселонаның» алдын орап кетті. <br />Ян Коуто 2020 жылдың жазында 18 жасқа толған кезде «Сити» сапына қосылады. Коуто 5 жылдық келісімшартқа қойды. «Манчестер Сити» футболшы үшін 9 миллион еуросын аямады. Одан бөлек қосымша 6 миллион еуро төлейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или