Жанкүйерлер Сотириуды Суперкубок кездесуінің үздік ойыншысы деп таныды

Жанкүйерлер Сотириуды Суперкубок кездесуінің үздік ойыншысы деп таныды

«Астана» футбол клубының Вконтакте желісіндегі ресми парақшасында жанкүйерлер Қазақстан Суперкубогы аясындағы кездесудің үздік ойыншысын дауыс беру арқылы анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Сауалнама қорытындысы бойынша «Астана» - «Қайсар» арасындағы кездесуде жалғыз голды соққан елорда командасының жаңа ойыншысы Пиерос Сотириу үздік шықты. Кипрлік шабуылшы қолданушылар тарапынан 33,2% дауыс жинады.
Екінші орында тағы бір команданың жаңа ойыншысы – Тигран Барсегян. Армения құрамасының жартылай қорғаушысы аталмыш кездесуде нәтижелі ойынымен көзге түспегенімен, жанкүйерлердің ыстық ықыласына ие болып, нәтижесінде, 18,1% дауыс жинады.
Үздік үштікті Ненад Эрич түйіндеді. «Астана» капитаны кезекті рет қақпасын құрғақ сақтап, қақпаға тура бағытталған бес соққыны қайтарды.

Үздік бестік:
1.Пиерос Сотириу 33,2%
2.Тигран Барсегян 18,1%
3.Ненад Эрич 15,62%
4.Рунар Сигурьонссон 11,42%
5.Марин Томасов 10,52%

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или