Әлем футболы

Эль-Класико. Рамос Мессиді жер-көкке сыйғызбай мақтады

Эль-Класико. Рамос Мессиді жер-көкке сыйғызбай мақтады
news-banner7
mobile-news-top

Мадридтік «Реал» капитаны Серхио Рамос Испания Примерасының 26-туры қарсаңында каталониялық клубтың көшбасшысы Лионель Месси туралы пікір білдірді, деп хабарлайды, Prosports.kz..

«Мен Мессиді құрметтеймін. Оны футбол тарихындығы үздіктердің бірі деп санаймын. Оған деген сыйластығым аса жоғары. Жексенбі Месси үшін сәтсіз күн болады деп үміттенемін. Бұл біздің өз жұмысымызды ойдағыдай атқарғанымызды білдірмек. Ал «Реал» жақсы нәтижеге жетіп жатса, тіпті керемет болар еді.

Мен Лионельге әріптес және кәсіпқой спортшы ретінде барлық жақсылықты тілеймін, Бұл әрине, оңай емес, алайда менің құрметім шексіз.Ол – үздіктердің бірі», — деп жазады Goal Рамостың сөзін Примераның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетелік, «Реал» — «Барселона» матчы ертең, 1 наурыз күні Мадридтегі «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер