Еркін күрес

Данияр Қайсанов: Олимпиадаға дайындықты бастаймын

Данияр Қайсанов: Олимпиадаға дайындықты бастаймын
news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен екі дүркін Азия чемпионы атанған Данияр Қайсановты жерлестері Семей әуежайынан қарсы алды.

Үндістан астанасы Нью-Делиде 74 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Д. Қайсанов қарсылас шақ келтірмеген болатын. Бүгін көк туымызды желбіреткен балуан елге оралды. Әуежайда оны жерлестері, туған-туысқандары мен достары құшақ жая қарсы алды.

«Отандастарымның үмітін ақтағаныма бек қуаныштымын. Осындай сәттер үшін аянбай тер төгу тұрарлық іс. Қысқа мерзімдік демалыстан кейін Олимпиада ойындарына дайындала бастаймын», – дейді чемпион.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер