«Қайсар» жанкүйерлерін Қостанайға алып бармайды
Қызылордалық «Қайсар» Қазақстан Суперкубогы матчында клубты қолдайтын жанкүйерлерін Қостанайға алып бармайтын болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
<span>«29 ақпанда Қостанай қаласында өтетін Суперкубок ойынына клуб тарапынан автобус шығаруға ниетті болғанын айта кетейік. Дегенмен солтүстік аймақтарда қатты боран салдарынан Қостанайға баратын күре жолдың жабық екенін ескертеміз. Сондықтан адам өмірінің маңызды екенін жеткізе отырып, жанкүйерлерге түсіністікпен қарауға шақырамыз!</span><span>», - деп жазылған хабарламада. </span>
<span>Айта кетейік, «Астана» мен «Қайсар» арасындағы Қазақстан Суперкубогының матчы 29 ақпанда Қостанайда өтеді. Басталуы - 16:00-де.</span>
«Қайсар» Қазақстан Суперкубогына арналған промо-ролик жария етті