Күрес

Дәулет Ниязбеков: Олимпиадаға дейін қателіктермен жұмыс істеймін

Дәулет Ниязбеков: Олимпиадаға дейін қателіктермен жұмыс істеймін
news-banner7
mobile-news-top

Күрес түрлерінен Үндістанда өткен Азия чемпионатында Дәулет Ниязбеков қоланы қанағат тұтты. Еркін күрестен Қазақстан командасының үздігі Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, Нью-Делидегі доданы қысқаша қорытындылады.

"Азия біріншілігі жалпы Қазақстан командасы үшін жақсы өтті деп сеніммен айта аламын. Ал өзіме келер болсам, қате жібергенім рас. Нақтылай түсер болсам, тактикалық тұрғыдан кемшілік кетті. Тактика дұрыс қоймағандықтан жеңілдім деп ойлаймын. Ендігі басты мақсат - қателіктермен жұмыс істеу. Жалпы, Олимпиада ойындары секілді ірі дода алдында осындай кемшіліктермен жұмыс істеп, кейін соны қайталамау үшін барыс күшімізді саламыз", - деді Ниязбеков.

Айта кетелік, Дәулет Ниязбеков 2019 жылы Нұр-Сұлтанда өткен лицензиялық турнирде 65 келі салмақта күміс жүлдегер атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер