«Алтын допқа» үміткер ойыншылар белгілі болды

ФИФА өткен маусымның үздік футболшысына берілетін «Алтын допқа» үміткер ойыншылардың тізімін жаңартты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бір қызығы, бұл шорт-листте мюнхендік «Бавария» мен мадридтік «Реалдың» ойыншылары көп.

Мюнхендік клубтың сапынан жүлдеге Марио Гетце, Филипп Лам, Томас Мюллер, Мануэль Нойер, Арьен Роббен және Бастиан Швайнштайгер үміткер.

Ал «Реал» ойыншылары арасынан «Алтын допты» Гарет Бейл, Карим Бензема, Криштиану Роналду, Тони Кроос, Серхио Рамос және Хамес Родригес алуы мүмкін.

Сондай-ақ, тізімге түскендер: Диего Коста, Тибо Куртуа, Эден Азар (барлығы да — «Челси»), Анхель ди Мария («МЮ»), Златан Ибрагимович («ПСЖ»), Яя Туре («Манчестер Сити»), Поль Погба («Ювентус»), Андреас Иньеста, Хавьер Маскерано, Лионель Месси, Неймар (барлығы да — «Барселона»).

Сонымен қатар, ФИФА үздік бапкер атағына үміткер он маманның есімін жариялады: Карло Анчелотти («Реал»), Хосеп Гвардиола («Бавария»), Юрген Клинсманн(сборная США), Йоахим Лев (сборная Германии), Жозе Моуринью(«Челси»), Мануэль Пеллегрини («Манчестер Сити»), Диего Симеоне («Атлетико») и Луи ван Гал («Манчестер Юнайтед»).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или