Күрес

Қазақстандық балуан қыз Азия чемпионы атанды

Қазақстандық балуан қыз Азия чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Нью-Делиде (Үндістан) әйелдер күресінен Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

72 келі салмақта қазақстандық Жәмилә Бақбергенова ақтық сында жапониялық Май Шиндоды 2:1 есебімен жеңіп, Азия чемпионы атанды. Бұл Қазақстан қоржынындағы екінші алтын жүлде саналады.

Еске сала кетейік, Бақбергенова бірінші айналымда өзбекстандық Светлана Окназаровадан (6:0) басым түсті. Үшінші раундта үнділік Прит Гуршаран (7:4) оның қарсыласы атанды. Жартылай финалда Жәмилә моңғолиялық Цевегмед Энхбайарды жеңді (10:0).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер