Күрес

Азия чемпионаты: Үш балуанымыз финалға шықты

Азия чемпионаты: Үш балуанымыз финалға шықты
news-banner7
mobile-news-top

Нью-Делиде (Үндістан) күрес түрлерінен Азия чемпионаты жалғасуда. Бүгін әйелдер күресінен қазақстандық үш спортшы жарыстың финалына шықты.

Әйелдер арасында өтіп жатқан бәсекенің екінші күнінде бұрымды балуандар 53, 62, 72 және 57 келі салмақ дәрежесінде кілемге шықты.

53 келіде Татьяна Ахметова финалда жапониялық балуанмен, 62 келіде Аяулым Қасымова Жапония өкілімен, 72 келіде Жамиля Бақбергенова Мей Шиндомен (Жапония) кездеседі. Тағы бір қазақстандық балуан Алтынай Сатылған жарыстың қола жүлдесі үшін Вьетнам спортшысымен белдеседі.

Айта кетерлігі, Азия чемпионатының бірінші күнінде Қазақстан әйелдер құрамасы 4 қола медальға ие болды.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер