Күрес

Азия чемпионаты: Төрт балуанымыз қола жүлдеге таласады

Азия чемпионаты: Төрт балуанымыз қола жүлдеге таласады
news-banner7
mobile-news-top

Үндістан астанасы Нью-Делиде күрес түрлерінен Азия чемпионатының үшінші жарыс күні өтіп жатыр. Бүгін әйелдер күресінен турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталады.

Өкінішке қарай, бүгін кілемге шыққан отандық балуандар арасынан ешкім финалға өте алмады. Төрт балуанымыз қола жүлде үшін күреседі.

Әлем чемпионатының қола жүлдегері, 50 келіде бақ сынайтын Валентина Исламова үшінші орынға таласады. Оның қарсыласы - вьетнамдық Ти Ньгуен. 55 келідегі Марина Зуева кіші финалда жапониялық Хана Хигашикавамен белдеседі.

59 келідегі Мәдина Бақбергенова қола жүлде үшін тағы бір жапониялық спортшы Юми Конға қарсы шығады.

Ал командадағы тәжірибелі спортшылардың бірі Эльмира Сыздықова моңғолиялық Аруджангал Ганбатпен қола медальді сарапқа салады.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер