Эль-Классико мадридтік клубтың пайдасына шешілді

Эль-Классико мадридтік клубтың пайдасына шешілді

Испания чемпионатының тоғызыншы турындағы «Реал Мадрид» пен «Барселона» арасындағы кездесу алаң иелерінің пайдасына шешілді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Дегенмен бірінші боп есепті қонақтар ашты. «Барселонаның» бразилиялық шабуылшысы Неймар 4-ші минутта-ақ Икер Касильяс қақпасынан саңлау тапты. Бұған мадридтік команда жарты сағат өткен соң жауап қатты. Доп «Барселонаның» айып алаңында қорғаушысы Жерар Пикенің қолына тиіп, бас қазы пенальти нүктесін көрсеткен. Он бір метрлікті тамаша орындайтын Криштиану Роналду маусымдағы он алтыншы голын соқты.

Екінші таймның басын енді «Реал Мадрид» ойыншылары сәтті өткізді. 50-минутта Тони Кроос асырған бұрыштамадоптан кейін Пепе алаң иелерін алға шығарды. Ал 61-минутта «Корольдік клубтың» шабуылшысы Кәрім Бензема өз командасының үшінші голын соғып, Карло Анчелотти шәкірттеріне жеңіс әкелді.

«Реал Мадрид» - «Барселона» 3:1

Голдар: 0:1 – Неймар 4, 1:1 – Роналду (пен) 35, 2:1 – Пепе 50, 3:1 – Бензема 61

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или