Әлем футболы

«Манчестер Сити» мәлімдемесі: УЕФА істі біржақты қарады

«Манчестер Сити» мәлімдемесі: УЕФА істі біржақты қарады
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) «Манчестер Сити» клубын екі жылға еурододалардан шеттетті.

Ағылшын клубы қаржылық алаяқтық туралы іс бойынша екі жылға еуропалық жарыстардан шеттетілді және 30 миллион еуро көлемінде айыппұл салынды. Осылайша, «Манчестер Сити» 2020/2021 және 2021/2022 маусымдарда Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында ойнай алмайды.

«Манчестер Ситидің» 2012 және 2016 жылдар аралығында қаржылық әділ ойын ережелерін бұзғаны туралы хабарланған. «Қалалықтар» өз шығындарын жасыру үшін демеушілік келісім-шарттардан төленген төлемдерді қасақана асырып жіберді. УЕФА Англия клубының тергеу барысында ынтымақтастық жасамағанын атап өтті.

«Манчестер Сити» үшін УЕФА-ның шешімі жаңалық болмаған. Істің басталғанына бірнеше ай болғандықтан ағылшын клубы жазадан құтылудың жолын іздестіріп жатыр. Бүгін «Манчестер Сити» шешімге байланысты пікірін білдірді. Манчестерлік клуб іс біржақты қаралдықтан әділ шешімін таппаған. Сондықтан клуб басшылығы Спорттық төрелік сотына (CAS) шағымданып, шешімнің күшін жоюға тырысатынын мәлімдеді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер