Луис Энрике: «Суарес Эль-Классикода міндетті түрде ойнайды»

«Барселонаның» бас бапкері Луис Энрике «Реал Мадридке» қарсы кездесуде Луис Суарестің ойнайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Ол бірнеше минутқа алаңға шығады. Неше минут па? Бұл миллион доллар тұратын сұрақ. Бүгінгі кездесу ойыншы үшін маңызды оқиға, сондықтан ол міндетті түрде алаңға шығады», - деді Энрике.

Естеріңізге сала кетсек, шабуылшы Луис Суарес әлем чемпионаты кезінде италиялық қорғаушы Джорджо Кьеллиниді тістеп алғаны үшін төрт айға жазалаған болатын. Жазаның мерзімі 24 қазанда аяқталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или