«Зениттің» бұрынғы ойыншысы мансабын Қазақстанда жалғастырады

«Зениттің» бұрынғы ойыншысы мансабын Қазақстанда жалғастырады

Ресейлік қорғаушы Юрий Лебедев мансабын «Ақтөбе» командасында жалғастыруы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Ресейлік басылымдардың хабарлауынша, футболшы қазіргі уақытта ақтөбелік клубтың оқу-жаттығу жиынына қатысып жүр.

Лебедевтің соңғы клубы - ФНЛ-да бақ сынайтын «Нижний Новгород». Юрий бұл командада 15 матчқа қатысты. Лебедев сонымен қатар «Зенит», «Балтика», «Спартак-Нальчик», «Петротрест», «Динамо» (Спб), «Луч-Энергия», «Салют», «Мордовия» сынды клубтарда доп тепкен.

Ресейдің жасөспірімдер мен жастар құрамаларына да шақырылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или