«Тобыл» жолдастық кездесуде Киевтің «Динамосын» ұтты

«Тобыл» жолдастық кездесуде Киевтің «Динамосын» ұтты

Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында қостанайлық «Тобыл» Киевтің «Динамосының» екінші құрамын 4:2 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы тайм қорытындысы бойынша, Григорий Бабаянның шәкірттері 0:2 есебімен ұтылды. «Динамо» құрамында: Фрэн Сол және Майкл Дуэлунд гол соқты.

Екінші таймда «Тобыл» ойыншылары таразы басын теңестіріп қана қоймай, есепте алға шықты. Азат Нұрғалиев (пенальтиден), Серікжан Мужиков, Роман Муртазаев және Петрос Аветисян соққан голдар қостанайлық ұжымға жеңіс сыйлады.

«Тобыл» келесі матчын 15 ақпан күні Беларусь біріншілігінде бесінші орын иеленген «Ислочь» командасына қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или