«Астана» екінші оқу-жаттығу жиынын Түркияда өткізеді

«Астана» екінші оқу-жаттығу жиынын Түркияда өткізеді

«Астана» футбол клубы 2020 жылдың 16-26 ақпан аралығында Түркияда екінші оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Астаналықтар осы уақыт аралығында Ресей Премьер-Лигасының өкілдеріне қарсы екі жолдастық кездесу өткізеді. Алдымен 20 ақпан күні «Сочиға» қарсы ойнаса, 23 ақпан күні «Арсенал» (Тула) командасымен кездеседі.

Оқу-жаттығу жиыны аяқталғаннан кейін Михал Билек шәкірттері Қостанайға аттанып, ол жақта 29 ақпан күні «Тобыл Арена» стадионында өтетін Қазақстан Суперкубогы аясындағы ойынға дайындықты жалғастыратын болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или