Мокин «Тобыл» сапына қосылады
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Александр Мокин қостанайлық «Тобылдың» қатарына қосылады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Өткен маусымның соңында қақпашы «Астана» командасынан кеткен еді. Жақында Мокин «Қызыл-Жар» футболшысы атанады деген хабар тараған еді, бірақ тәжірибелі футболшыны өзінің трансферлік компаниясын аяқтап жатқан «Тобыл» өз қатарына қосып алды. Ойыншы қостанайлықтармен 2020 маусымы аяқталғанға дейін келісімшартқа отырады деп күтілуде.
Естеріңізге сала кетейік, Мокин әртүрлі клубтарда алты дүркін Қазақстан чемпионы. Сонымен қатар Александр Еуропа кубогы турнирінің топтық кезеңінде ойнаған алғашқы қазақстандық қақпашы болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или