«Каспий» жаңа бапкерін таныстырды
Ақтаулық «Каспий» серб маманы Сржан Благоевичтің бас бапкер болып тағайындалғаны туралы ресми түрде хабарлады, деп жазады Prosports.kz.
10 ақпан күні Благоевичпен бір жылдық келісімшартқа қол қойылды. 46 жастағы бапкер үшін "Каспий" мансабындағы алғашқы шетелдік команда болады. Соңғы рет «Инджия» командасын баптады, сондай ақ ол сербиялық басқа клубтарды жаттықтырды: «Яворь», «Бежания», БМИ, «Жарково», «Срем», «Ковачевак» және «Сречица».
Өткен маусымда «Каспийді» Черногориядан келген Сава Ковачевич тізгіндеген еді. Бірақ қаңтар айының басында ол екі лауазымға - жастар футболын дамыту бағдарламасының жетекшісі және негізгі команданың жаттықтырушылар құрамының кеңесшісі болып тағайындалды. Өткен маусымда Ковачевичтің басшылығымен «Каспий» бірінші лиганың күміс жүлдегері атанды және Премьер-лигаға жолдама алды.