Томасов «Астананың» алғашқы оқу-жаттығу жиынының үздік сұрмергені
«Астана» футбол клубы Португалиядағы оқу-жаттғу жиындарындағы үздік сұрмергенін атады, деп хабарлайды Prosports.kz, клубтың ресми сайтына сілтеме жасай отырып.
«Астана» командасының Португалиядағы алғашқы оқу-жаттығу жиыны өз мәресіне жетті. Елорда командасы маусымға дайындық жұмыстарының алғашқы кезеңінде төрт кездесу өткізді.
Астаналықтар «Атлантик Кап» турнирі аясында «Брондбюді» 2:1 есебімен жеңіп, «Копенгаген» 0:2 және «Хеккен» 1:2 командаларына есе жіберді. Сондай-ақ, Михал Билек шәкірттері жолдастық кездесу аясында англиялық «Бредфордты» 4:2 есебімен жеңді.
Марин Томасов Португалиядағы оқу-жаттығу жиынының үздік сұрмергені атанды. Хорватиялық жартылай қорғаушы «Брондбю» қақпасына дубль жасап, ағылшындарға қарсы кездесуде Рамазан Каримовке нәтижелі пас берді.
Үздік сұрмергендер тізімінде екінші орында жоғарыда есімі аталған Рамазан Каримов. 20 жастағы шабуылшы бір гол соғып, шведтік «Хеккенге» қарсы кездесуде нәтижелі пасымен көзге түсті.
Үздік үштікті Рунар Мар Сигурьонссон қорытындылады. Исландиялық ойыншы Алексей Щеткин мен Марин Томасовтың гол соғуына мүмкіндік жасап, нәтижелі пас берген болатын.