Исламхан «Аль-Айн» жанкүйерлеріне алғыс білдірді

Исламхан «Аль-Айн» жанкүйерлеріне алғыс білдірді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан «Аль-Айн» сапында сапында өткізген екінші матчтынан кейін клуб жанкүйерлеріне алғыс білдірді, деп жазады Prosports.kz.

«Ас-сәлему алейкум, бауырлар. Ең алдымен, мені осындай жылы қабылдағаны үшін «Аль-Айн» футбол клубына үлкен алғыс айтамын. Сіздердің алғашқы күннен бергі қолдауларыңыздың арқасында, өзімді үйде жүргендей сезіндім. Сіздердің үміттеріңді ақтауға бар күшімді саламын. Алда бізді көптеген маңызды ойындар күтіп тұр. Сіздерді футбол алаңындағы өнеріммен қуантамын деп үміттенемін. Клубтың амбициясы қаншалықты жоғары екенін білемін. Алға қойған мақсаттарымызға бірге қол жеткізіп, «Аль-Айнді» одан әрі даңққа бөлейтін боламыз. Құдай қаласа!», - деп жазды Исламхан Инстаграм желісіндегі жеке парақшасында парақшасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или