Кеншілер Александр Кислицынмен келісімшартқа отырды

Кеншілер Александр Кислицынмен келісімшартқа отырды

Қарағандылық «Шахтер» тәрбиеленушісі Александр Кислицын он жыл бойы басқа командаларда ойнағаннан кейін, туған клубына кейін оралды, деп хабарлайды Prosports.kz кеншілердің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кислицын «Шахтер» сапында 2006 жылы Қазақстан чемпионатында дебют жасады. Футболшы  қарағандылықтар командасында 101 кездесу өткізіп, 2 гол соқты. Содан кейін Кислицын қостанайлық «Тобол», алматылық «Қайрат», павлодарлық «Иртыш» және Көкшетаудың «Оқжетпесінде» ойнады. Александр 2019 жылғы маусымда көкшетаулық клубта өткізіп, Қазақстан Премьер-лигасының 30 матчында ойнап, 1 гол соқты.

Кислицын Қазақстан құрамасы сапында 25 матч өткізген. 

 Құжаттама

Александр Кислицын

Туған жылы: 8 наурыз 1986 жылғы 

Амплуасы: қорғаушы

Азаматтығы: Қазақстан

Биіктігі: 190 см.

Салмағы: 80 кг.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или