Келер жылғы ел чемпионатының жүйесі бекітілді

2014 жылы қазанның 22-сі күні Астанада өткен Атқару комитетінің отырысында 2015 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының жүйесі бекітілді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Келесі жылы да биылғыдай 12 команда екі екі езеңнен тұратын чемпионатты өткізіп, бірінші кезеңнен кейін командалар екі алтылыққа бөлінетін және ұпайлары екі есе қысқаратын болып шешілді. Негізі қазіргі регламент бойынша 2015 жылғы маусымда 10 команда қалуы тиіс болатын. Енді 12 команда қалатын болып шешілді және осыған орай "өтпелі ойынның" ережесіне де өзгеріс енді. Яғни, "өтпелі ойында" 2014 жылғы футбол мауысымында Премьер-лигада 11-орын алған команда Бірінші лигада 2-орынды иемденген командамен кездеседі. Ал Премьер-лигада 9-шы және 10-орын иемденген командалар өз орындарын сақтап қалады.

Сондай-ақ, Атқару комитеті Премьер-лига клубтары үшін 2015 жылғы футбол маусымына жас ойыншылардың ("лимитчик") жастарын да бекітті. Келесі жылы "лимитчик" болып 1994 жылға дейінгі жастар саналатын болады. Ал Премьер-лига клубтарының дубльдік командалары үшін осы жастан асып кеткен жастарға шектеу қойылады.

kff.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или