«Окжетпес» футболшылар алдындағы қарызынан толық құтылды
«Оқжетпес» футбол клубы 2019 жылғы маусым үшін ойыншылар алдындағы қарызынан құтылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
<span>Осыған дейін көкшетаулық клубта қаржылық проблемалар 2019 жылғы маусымының басында пайда болғанын, клуб басшылығы легионерлерге ғана жалақыны төлеп, қазақстандық футболшылар алдында біраз қарыз екенін жазған едік.</span>
<span>Бұл ақпаратқа клуб инстаграмда былай деп жауап қатты:</span>
<span> - Республиканың бұқаралық ақпарат құралдарында негізгі құрамның отандық ойыншылар алдындағы қарыздары туралы ақпарат пайда болды. Бұл жағдайда клубтан жаңа маусым басында бірнеше ұпай алынып, және клубқа футболшылар тіркеуге тыйым салынады екен.</span>
<span>«Оқжетпес» ФК бұл ақпаратты жоққа шығарады және ресми түрде клубтың кәсіби футболшыларға жалақы бойынша берешегі жоқ екенін мәлімдейді.</span>