Күрес

Эльмира Сыздықова: Әлем чемпионаты мен үшін маңызды дода

Эльмира Сыздықова: Әлем чемпионаты мен үшін маңызды дода
news-banner7
mobile-news-top

Әйелдер күресінен Қазақстан ұлттық құрамасы Нұр-Сұлтанда Азия чемпионатына дайындалып жатыр. Команда лидері Эльмира Сыздықова құрлықтық біріншлігіне дайындығы туралы Olympic.kz сайтына баяндап берді.

"Қазіргі таңда Азия чемпионатына дайындықты бастадық. Жылдың маңызды додалардң бірі саналатын аталған жарыс Нью-Делиде өтеді деп жоспарланған. Одан кейін бізді құрлықтық лицензиялық турнир күтіп тұр.

Негізі Азия чемпионатына кіл мықтылар рейтингте ұпай жинау үшін келеді. Себебі, Токиода өтетін Олимпида ойындарында жеребеде алғашқы төрттік екі топқа жіберіледі. Менің де Азия чемпионатына қатысудағы басты мақсатым - рейтингке мейілінше көп ұпай қосу. Бұл - өте маңызды. Қарсыластар да осал болмасы анық.

Ұлттық құраманың алдына қойылған нақты мақсат бар. Негізгі құрам лицензиялық турнирге барын салып дайындалса, қосалқы құрам Азия чемпионатына дайындалуда. Себебі, кез келген спортшыға екі маңызды жарысқа бірден үзіліссіз қатысу қиынға соғады", - дейді Эльмира Сыздықова.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер