«Оқжетпес» ойыншылары жалақы ала алмай жүр

«Оқжетпес» ойыншылары жалақы ала алмай жүр

«Оқжетпес» футбол клубында қаржылық қиындықтар жалғасуда, деп жазады Prosports.kz.

Көкшетаулық клубта қаржылық проблемалар 2019 жылғы маусымының басында пайда болды. Содан бері бұл жағдай онша жақсарған жоқ.

Клуб өткен жылы ойыншыларға жалақы төлемеген. Футболшылар бірнеше ай бойы жалақыларын ала алмай жүрді. Кейін жалақы мәселесі 31 қаңтарға дейін шешілетіне уәде берілген. Бірақ, клуб тек легионерлерге ғана ақша төлеген. Ал қазақстандық ойыншылар өздерінің ақшаларын ала алмады.

Енді ойыншылар ҚФФ дауларды шешу палатасына жүгінбек. Дәл осы орган көкшетаулық клубты өз міндеттемелерін орындауға шақырады. Егер екертуді орындамаған жағдайда федерация клубқа айыппұл салады. Тіпті ұпайын алып қоюы немесе жаңа трансфер жасауға тыйым салуы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или