«Астана» матчтарын Алматыда өткізуі мүмкін

«Астана» матчтарын Алматыда өткізуі мүмкін

«Астана» футбол клубы Prosports.kz сайтына алдағы маусымды Алматы қаласында бастауы жайлы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Елордалық ұжым маусымды «Жас Қыран» стадионында бастауы мүмкін. Әзірге «Астана» нақты бір шешімге келген жоқ. Алматыдан бөлек Қызылордадағы Ғани Мұратбаев атындағы стадионымен келіссөз жүріп жатыр.

Айта кетейік, «Жас Қыран» стадионы ФИФА сертификациясынан өткен. Стадион 800 көрерменді сыйдыра алады. Одан бөлек вип трибуна, баспасөз орны мен көлік тұрағы бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или