«Шахтер» нигериялық қорғаушыны қатарға қосты

«Шахтер» нигериялық қорғаушыны қатарға қосты

«Шахтер» футбол клубы нигериялық қорғаушы Алию Абубакармен келісімшатқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы қарағандылық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бұған дейін футболшы украиналық «Олимпик» клубында ойнаған. Сонымен қатар ол Беларусь елінің «Слуцк», финлияндиялық «Кеми» және КуПС, грузиялық «Дила Гори», тунистік «Бизертин» және израильдік «Ашдод» сияқты командаларында доп тепкен.

Туған жылы: 1996 жылғы 15 маусым
Бойы: 188 см
Салмағы: 80 кг

Айта кетерлігі, Абубакар 2013 жылы Нигерия құрамасы (17 жасқа дейінгі) қатарында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алған болатын.

«Шахтер» әлем чемпионатының жеңімпазын қатарға қосты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или