Испания Сегундасында бір футболшы алаңнан екі рет қуылды
Испанияның екінші дивизионы саналатын Сегундада «Фуэнлабрада» мен «Жирона» командалары арасында өткен матчта (0:1) қызық жағдай болды, деп хабарлайды, Prosports.kz.
Матчтың бас қазысы Исидиро Диас де Мере 67-минутта «Фуэнлабрада» ойыншысы Кристобаль Маркеске Алекс Гранельге қарсы қауіпті ойнағаны үшін қызыл қағаз көрсеткен. Видеоассистент (VAR) бас төрешінің шешімімен келіспей, оған сол сәтті қайталап көруді ұсынды. Де Мере мониторға барып, жағдайды зерттеп көріп, шешінетін бөлмеге кеткен Маркесті алаңға қайтарып, қызыл қағаздың орнына, сары қағаз көрсетті.
Алаңға қайтып оралған Маркес Гранельмен ерегес бастап, екінші сары қағазға ие болды және автоматты түрде алаңнан тағы қуылды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или