Лэмпард пен «Челсидағы» клуб басшылығының ара-қатынасы бұзыла бастады
«Челси» футбол клубының бас бапкері Фрэнк Лэмпард Кепа Аррисабалага үшін клуб басшылығымен ара-қатынасын бұзып алуы мүмкін.

Биылғы маусымда Кепа өте әлсіз маусым өткізіп жатыр. Соңғы матчтарда қателіктер жасап жүр. Соңғы матчта Лэмпард Кепаның орнына 38 жастағы Кабальероны негізгі құрамда алаңға шығарды.

Кепа әлемнің ең қымбат қақпашысы ретінде 80 миллион еуроға лондондық командаға ауысқан болатын. Лэмпард жазда Ник Поуп немесе Висенте Гуаитаны құрамына қоспақшы.
Бірақ басшылардың бірі Марина Грановскаяға мұндай идея мүлдем ұнамады. Сол себептен Лэмпард басшылыққа жақпай қалуы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или