Чемпиондық тартыс. «Астана» «Қайратты» тас-талқан етті

Чемпиондыққа басты талас жүргізіп жатқан «Астана» мен «Қайрат» бүгін елордада түйісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Қос астаналық командалар арасындағы кездесу әркезде қызықты болған. Осы маусым барысында екі клуб арасында жеңімпаз анықталмаған: бірінде 0:0-де болса, екіншісінде 2:2 есебімен тең тарқасты. Бүгінгі матч өзінше бір маңызды ойын болды. Бұл кездесуде жеңген команда чемпиондыққа бір қадам болса да жақындап, жеңімпаз атануға мүмкіндігі арта түседі. Сондықтан екі ұжым да тек жеңіс үшін ойнайтыны белгілі еді.

Алғаш болып есепті «Қайрат» футболшылары ашқанымен, бұдан кейін жауапты 5 гол өткізіп алды өз қақпаларына. Оңтүстік астаналық клубтың сапынан тек Исаэль 4-ші минутта көзге түсті. Матч тағдырын колумбиялық футболшының екі голы толықтай өзгертіп жіберді. Алдымен Рохер Каньяс қақпа маңында Хомичтен айласын асырса, артынан айып алаңының сыртынын жойқын соққы жасап, командасына есептегі басымдықты алып берді.

Екінші тайм бастала салып Нөсербаев есеп айырмасын ұзартып тастады. «Қайрат» ойыншыларына бар болғаны 10 минут ішінде 3 гол жіберіп алғаны ауыр соққы болып тисе керек, бұдан кейін шабуылда мардымды ойын көрсете алған жоқ. Керісінше қателік артынан қатеге жол беріп жатты. Осындай сәттің бірінде елордалықтардың африкалық легионері Патрик Твумаси есепті – 4:1-ге дейін жеткізді. Владимир Вайсс шарасыздығынан шабуыл өтінде ойнайтын үш бірдей футболшылыны алаңға салып жіберді. Алайда олар ешқандай пайда әкелген жоқ. Ойын аяқталуға бірер минут қалғанда сол баяғы Твумаси кездесудің соңғы нүктесін қойды.

Осылайша, чемпиондық жарыста бірінші келе жатқан «Қайрат» алдына «Астананы» жіберіп алды. Алда әлі бірнеше матч бар. Чемпиондық тәж үшін күрес енді қызды...

Қазақстан чемпионаты. Премьер-лига. 23-ші тур.

«Астана» - «Қайрат» - 5:1 (2:1)

Голдар: Каньяс 44, 45+1, Нөсербаев 48, Твумаси 85, 87 - Исаэль 4

«Астана»: Эрич, Аничич, Бейсебеков, Постнииков, Шомко, Каньяс, Жолшиев, Эссаме, Кетевоама (Курдов 86), Нөсербаев (Мұжықов 77), Твумаси (Нұрдәулетов 88)

«Қайрат»: Хомич, Қуантаев (Ли 80), Кислицын, Михалик (Лунин 51), Плиев. Бакаев, Смаков, Едигарян (Риера 63), Исаэл, Исламхан, Гоу.

Төрешілер: Акмалхан Холматов (Қызылорда), Евгений Попов (Өскемен), Александр Полуэктов (Тараз), Болат Кәрлібаев (Орал), Денис Измайлов (Талдықорған)

Ескертулер: Нусербаев 62, Аничич 81 – Гоу 56, Плиев 62, Исламхан 84

22 қазан. Астана. «Астана Арена» стадионы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или