«Ақтөбе» өз алаңында «Ордабасыны» ұтты

«Ақтөбе» мен «Ордабасы» арасындағы кездесу жүлде үшін күрес жолындағы ең маңызды матчтардың бірі болды. «Ақтөбе» жеңіске жетіп жатса, үшінші орында тұрақталып қана қоймай, чемпиондыққа да таласа алатын еді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Алаң иелері допқа иелік етуге басым болды, нәтижесінде 30-шы минутта Данило Неко Алексей Антоновқа тамаша пас қалдырды, соңғысының тепкен добы бағанаға тиіп кері серпілген, оған бірінші жеткен Неко ойынның есебін ашты.

Шымкенттіктер бірінші таймның соңында таразы басын теңестірді – Қайрат Әшірбеков айыпдобын әдемі орындады.

Ал үзілістен кейін тек бір ғана команда гол соқты. 65-минутта Неко дубль авторы атанса, араға бірнеше уақыт салып Маркос Пиззеллидің алыстан бағыттаған соққысы голға айналды. Матчтың нүктесін 86-минутта Марат Хайруллин қойды – 4:1.

«Ақтөбе» (Ақтөбе) – «Ордабасы» (Шымкент) 4:1 (1:1)

Голдар: 1:0 – Неко (30), 1:1 – Әшірбеков (44), 2:1 – Неко (65), 3:1 – Пиззелли (73), 4:1 – Хайруллин (86)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или