«Жетісу» сербиялық қорғаушымен келісімшартқа отырды

«Жетісу» сербиялық қорғаушымен келісімшартқа отырды

Сербиялық қорғаушы Стефан Живкович Жетісу футбол клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz футболшының Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Бүгін Живкович әлеуметтік желіге суретін жариялап: «Жаңа клуб, жаңа сынақ, <span>#fczhetysu</span>» деп жазды.

Еске сала кетейік, Стефан бұған дейін де қазақстандық клубтарда өнер көрсеткен. 2017 жылы ол «Ертіске» ауысып, келесі маусымды «Атырауда» өткізді. Сонымен қатар ол «Борац», «Чукарички», «Земун» және «Лариса» сияқты клубтарда ойнаған.

Қазіргі уақытта клуб Түркияда екінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или