Қазақстандық футболшы ресейлік клубтың жаттығуында «Қара жорға» биледі
Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Акмаль Бахтияров ресейлік "Сочидегі" әріптестерін қазақтың ұлттық биі "Қара жорғамен" таныстырды.
<span>Видео "Сочи" ресми Instagram-парақшасының "сторисінде" жарияланды. Клуб қақпашысы Евгений Фролов Бахтияровтың "Танцы" шоуының кастингінен өте алатынын айтып қалжыңдады.</span>
<span>21 жастағы Бахтияров "Сочимен" бірге Түркиядағы жиында жаттығып жатыр. 18 ойыннан кейін оның командасы Ресей Премьер-лигасының соңғы, 16-орнында келеді. Қазақстандық футболшы клубқа 2019 жылдың басында ауысқан, ал биылғы маусымда екі матчқа қатысты. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или