«Тараз» румыниялық клубқа есе жіберді

«Тараз» румыниялық клубқа есе жіберді

«Тараз» футбол командасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында румыниялық «Дунэря Кэлэраши» командасынан 1:2 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші таймда румыниялықтар «Тараз» қақпасына 2 гол соғып үлгерді. Тараздықтар 57-минутта бір голмен ғана жауап берді.<br />Еске сала кетелік, Анталиядағы алғашқы жолдастық матчында «Тараз» ресейлік СКА-дан 0:1 есебімен ұтылған еді.

Владимир Никитенко баптайтын команданың келесі жолдастық кездесуі 1 ақпанда Македонияның «Работнички» клубына қарсы өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или