«Каспий» қатарына сербиялық футболшы қосылды
«Каспий» футбол клубына серб Александр Станисавлевич қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Transfermarkt неміс порталы футболшыны 600 мың еуроға бағалап отыр. Ойыншы - австриялық футболдың түлегі. Ол <span>«Рид», «Вольфсбергер», «Хорн», «Остбан XI», «Ферст», «Залаэгерсег», «Золленау» және «Форвертс» клубтарында </span>ойнады.
2013 жылы Станисавлевич отаны Сербияға оралып, <span>«Слога», ОФК, «Доньи Срем», «Войводина», «Раднички» секілді командалардың сапында доп тепті.</span> Сонымен қатар грециялық <span>«Астерас Триполи» және израильдік «Бней Сахнин» клубтарының намысын қорғады</span>. 2019 жылдың жазынан бастап <span>«Вождовацеде»</span> өнер көрсетті.
Сербия чемпионатының 2019/20 маусымында 14 ойынға қатысып, 2 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.