«Оқжетпес» ресейлік қорғаушыны қатарға қосты

«Оқжетпес» ресейлік қорғаушыны қатарға қосты

Көкшетаулық «Оқжетпес» қорғаушы Даниил Чертовпен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, футболшымен келісімшарт 2020 жылдың соңына дейін жасалған. 

29 жастағы ойыншы мәскеулік «Локомотив» клубының түлегі. Ол бұған дейін де «Оқжетпес» сапында доп тепкен (2015-2017 жылдары).

Чертов өз елінде «Металлург» (Липецк), «Сокол» (Саратов), «Химки» командаларында өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или