Бес футболшы ғана тірі қалған. XXІ ғасырда спортшылардың өмірін жалмаған әуе апаттары

Бес футболшы ғана тірі қалған. XXІ ғасырда спортшылардың өмірін жалмаған әуе апаттары

26 қаңтар күні спорт әлемі Коби Брайанттан айырылып қалды. Аты аңызға айналған баскетболшы, XXI ғасыр басындағы басты жұлдыз Лос-Анджелес маңында тікұшақ апатынан қаза тапты. Өзімен бірге қызы, талантты баскетболшы, 13 жасында АҚШ-тағы алып клубтардың назарын аудартқан Джианна Мария, пилотпен бірге тағы да алты жолаушы бақилық болды. Prosports.kz XXI ғасырда спортшылардың өмірін жалмаған әуе апаттарын еске түсіріп көрді. 

27 қаңтар 2001 жыл

Оклахома Стейт университетінің баскетбол командасының он мүшесі Колорадо штатындағы әуе апатынан қаза тапты. Клуб мүшелері мен ойыншылары Колорадо университетінің командасына қарсы ойыннан кейін үйлеріне қайтып келе жатқан еді.

12 қазан 2006 жыл

Бүкіл әлемге 2001 жылғы 11 қыркүйектегі әйгілі «Егіз» мұнара терактісін еске түсіріп, АҚШ-ты тік аяққа тұрғызған әуе апаты. Ішінде «Нью-Йорк Янкиз» бейсболшысы Кори Лайдл бар бір қозғалтқышты ұшық Нью-Йорктағы 42 қабатты үйге соғылады. Апаттан пилот та, спортшы да дүниеден озды. Сондай ақ, көпқабатты үйде өрт тұтанып, бірнеше пәтер зақымдалған. АҚШ басшылығының қорыққан соншалық, бүкіл әскерге сақадай дайын болуды тапсырған. Бірақ, көп ұзамай шенеуіктер бұл теракт емес екенін хабарлады. 

24 тамыз 2008 жыл

Бішкектен Иран астанасы Тегеранға бағыт алған «Боинг-737» ұшағы қырғыз елінің аумағында апатқа ұшырады. Әуе апатынан 90 адамның 65-і қаза тапты. Қаза болғандардың арасында волейболдан Иран құрамасының 10 мүшесі болған.

15 шілде 2009 жыл

Иранда жергілікті «Каспиан Эйрлайнс» әуе компаниясының «Ту-154» ұшағы апатқа ұшырады. 168 адам дүниеден озды. Олардың арасында дзюдодан Иран жасөспірімдер құрамасының спортшылары болған. Дзюдошылар Арменияға жол тартқан еді. Ереванда біраз уақыт жаттығып, кейін Венгриядағы турнирге барулары керек еді.

7 қыркүйек 2011 жыл

2011 жылы хоккей тарихындағы ең ірі әуе апаты орын алды. «Як Сервис» авиакомпаниясының Як-42 ұшағы Ярославск облысы (Ресей) Туношна әуежайынан ұшып шыққан кезде құлады. Ұшақ бортында «Локомотив» хоккей командасы (Ярославль) болған. Апат салдарынан 36 ойыншы мен спорт шенеуніктері, сондай-ақ жеті экипаж мүшесі қаза тапты. Тағы бір хоккейші ауруханада қайтыс болды.

10 наурыз 2015 жыл

Дәл осы күні Аргентинада ұшақ апатынан он адам қаза тапты, олардың ішінде жүзуден 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, 2008 жылғы ойындардың қола жүлдегері Камил Маффа, боксшы Алексис Вастен және атақты яхтмашы Флоренция Артауд болды. Екі тікұшақ провинция астанасы Сезара Ангулодан 300 шақырым жерде орналасқан Вилла Кастелли ауылында шамамен 100 метр биіктікте соқтығысқан. Сондай ақ, тікұшақтарда қиын жағдайда өмір сүру туралы «Dropped» реалити-шоуының қатысушылары болған.

29 қараша 2016 жыл

Бортында Бразилияның «Шапекоэнсе» клубының футболшылары болған ұшақ Колумбияның Меделлин қаласының маңында құлады. Бортта 72 жолаушы және тоғыз экипаж мүшесі болған. Апаттан 5 адам ғана тірі қалған.

Аман қалғандардың арасында «Шапекоэнсе» ойыншылары Алан Ручель, Маркос Данило және Джексон Фолман, сондай-ақ әуесерігі Химена Суарес және бразилиялық журналист Рафаэль Хензель бар.

Бразилиялық команда «Атлетико Насиональға» қарсы Оңтүстік Америка кубогының алғашқы финалдық матчын өткізу үшін бара жатқан еді. 

21 қаңтар 2019 жыл

Франциялық «Нант» ойыншысы Эмилиано Сала 2019 жылдың қаңтарында «Кардифф Ситимен» келісімшартқа отырып, АПЛ-да өнер көрсетуге мүмкіндік алған еді. Бұрынғы әріптестерімен қоштасу үшін Францияға барған Сала «Кардифф» жейдесінде жасыл алаңға шыға алмады. Тіпті, Англияға жете алған жоқ. Сала мінген жалдамалы ұшақпен байланыс үзіліп, зым-зия жоқ болған. Футболшының денесі 7 ақпан күні Ла-Манш түбінен табылды. 

 

Коби Брайанттың қазасын естіген Леброн Джейс жылап жіберді

Месси мен Роналду Коби Брайнаттың қазасына байланысты қайғырып көңіл айтты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или