Басқа

Месси мен Роналду Коби Брайанттың қазасына байланысты қайғырып көңіл айтты

Месси мен Роналду Коби Брайанттың қазасына байланысты қайғырып көңіл айтты
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси мен «Ювентус» сұрмергені Криштиану Роналду аты аңызға айналған баскетболшы Коби Брайанттың қазасына байланысты әлеуметтік желіде пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Cөзім жоқ. Бар махаббатымды Кобидің отбасына арнаймын. Онымен өткен кездесуім мәңгі есте қалмақ. Нағыз данышпан бізді тастап, кетіп қалды», - деп жазды аргентиналық шабуылшы.

Ал Португалия құрамасының капитаны Роналду «Коби мен оның қызы Джиннаның қаза болуы туралы қайғылы хабарды есту соншалықты ауыр екен. Коби көптеген адамдарға шабыт берді. Мен оның отбасы мен достарына, сондай-ақ апатта қаза тапқан барлық адамдардың жақындарына қайғырып көңіл айтамын», деген жазған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Коби Брайант, оның қызы Джинна және тағы үш адам тікұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан 26 қаңтарда қаза тапқаны белгілі болды.

Коби Брайант мансабын 2016 жылы аяқтаған. Ол НБА-ның жұлдызды матчтарына 18 рет қатысты. Бес рет НБА чемпионы және екі рет финал MVP сериясының чемпионы болды. Өз мансабында 1996 жылдан 2016 жылға дейін «Лос-Анджелес Лейкерс» сапында ойнады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер