«Қызыл-Жар СК» оқу-жаттығу жиынында тағы жеңілді
Петропавлдық «Қызыл-Жар СК» Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында Болгарияның сегізінші командасы саалаты «Ботевтен» 0:3 есебімен ұтылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл «Қызыл-Жар СК» клубының оқу-жаттығу жиындарындағы төртінші жеңілісі. Бұған дейін Вячеслав Руснактың командасы түркіменстандық «Ахалдан» (0:1) және Румынияның екі клубы - «Волунтари» (0:1) және «Петролулдан» (0:2) ұтылған болатын. Сонымен қатар украиналық «Мариупольмен» тең ойнады (1:1).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или